17 маусым 2015 | 14:07

Досаев мектеп асханаларындағы жағдайды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы мектеп асханаларындағы жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстандағы мектеп асханаларындағы жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық мектептерде бастауыш сыныптардағы оқушылардың тегін түскі астарының алып тасталғаны хабарланған болатын. 1 қыркүйектен бастап ата-аналар балаларының түскі асына ақшаны өздері шығаруы тиіс. Үкіметтің әлеуметтік қамтамасыздандыру туралы қаулысына сәйкес, бұл қаражат жетімдер мен аз қамтылған отбасындағы балаларға аударылады. Сонымен қатар, мектеп асханаларын жалға алушыларға жаздан бастап жал құнының тоғыз есе көтерілгені хабарланды.

"Енгізілген жалғыз өзгеріс - мектеп асханаларының залының бөлінуі, ал жалға алушылар сол орындар үшін ғана төледі. Қазіргі уақытта мен төлемдерді қайта қарауға немесе өзгертуге тапсырма бердім. Себебі 1 қыркүйекке дейін норманы сәйкестендіру қажет. Нарық жағдайы көптен бері өзгермеді. Ал ертеде сол асханадағы орындар үшін төлем жасалып отырды, алайда мектептегі залдар жалға берілмеді. Меніңше, сіздер көтерген мәселені біз бір апта ішінде шешеміз", - деді тілшілерге Досаев.

Бұл жағдайға оқушылардың ата-аналары қарсылық білдірген болатын. "Бұл, әрине, нонсес, себебі балалардың мектепте тамақтануы маңызды. Пайдалы тамақ маңызды. Бұл өзгерістің елдегі дағдарысқа байланысты жасалғаны айтылды, ақша жоқ делінді. Онда тамақтандыруды алып тастайық. Бірақ елдегі басқа шараларды тоқтату дұрыс шығар?", - деді осыған дейін №48 мектеп-лицейінің директоры Ирина Смирнова. Ал ата-аналардың шығыны бұдан кейін екі есеге дейін артады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети