Досаев Президентке азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру жайында есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев Президентке азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру жайында есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау, экономиканы кредиттеудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндалды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берді.

Е. Досаев Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы жайына да тоқталды. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 509.47  course up  592.1  course up  6.54  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети