15 наурыз 2024 | 11:50

Досаев шағымға жауап берді: "Әкім нашар ма, сонда? Мүмкін, әкімді ауыстыру керек?"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Алатау ауданы тұрғындары кездесуінде алматылықтар әкімнен ауданға жиі келуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Алатау ауданы тұрғындары кездесуінде алматылықтар әкімнен ауданға жиі келуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге жиі келуіңізді қалаймыз. Сіздің көмегіңізбен біз кейбір мәселелерді шеше аламыз", - деді әйел.

Досаев өз кезегінде тұрғындар тарапынан көтерілген көптеген мәселелер аудан әкімдерінің тікелей құзырында екенін айтты.

"Әкім нашар ма, сонда? Мүмкін, әкімді ауыстыру керек? Мен түсінемін, мүмкін ол кей уәделерін орындамаған шығар. Сұрақтар көп - мұның бәрі қала әкімінің жұмысы емес. Бұл үшін сегіз аудан әкімі мен орынбасарлар бар, олар жұмыс істеуі керек", - деді Алматы әкімі.

Досаев егер өзінің араласуынсыз мәселені шешу мүмкін болмаса, қуана көмектесетінін айтты.

"Мәселе мүлде шешілмеді делік немесе менің құзыретімде болса, мен қуана көмектесемін. Мен аралаймын, әр тоқсан сайын халықпен кездесемін, жылына екі рет бетпе-бет кездесулер өткіземін, жылына екі рет-жергілікті жерлерге барамын. Сонымен қатар, менде аудандарға жұмыс сапарлары бар. Алатау ауданына ерекше көңіл бөлінеді", - деп түйіндеді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети