Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы биылғы 9 ай ішінде ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары туралы, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің қарқыны және оны пандемияға дейінгі деңгейге жеткізу, дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-несие саясатын күшейтуге көше бастағаны жөнінде есеп берілгені хабарланды.
Ерболат Досаев Президентке қыркүйек айында жылдық инфляцияның 8,9 пайызға дейін қарқын алғаны жайында баяндады. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, соның ішінде, білім беру және тұрғын үйлерді жалға алу салалары әсер еткен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық банктің Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан инфляцияға қарсы кешенді шаралары және инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты баға биылғы тамыз айындағы 10,4 пайыздан қыркүйекте 9,6 пайызға дейін төмендегені атап өтілді.
Ұлттық банк төрағасының мәліметі бойынша шикізат тауарлары бағасының қымбаттауына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағалары ең жоғары деңгейде сақталып отыр. Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды.
Президентке Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі, сондай-ақ валюта нарығындағы ахуал жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлттық төлем жүйесін дамытудың және цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын құрудың алдын ала нәтижелері туралы мәлімет берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!