25 мамыр 2023 | 13:42

Досаев цемент-бетон зауытын жабу мәселесі туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғын үйлерге жақын орналасқан цемент зауытының жұмысын тоқтатуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғын үйлерге жақын орналасқан цемент зауытының жұмысын тоқтатуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің Жетісу ауданы халқымен кездесуінде қала тұрғыны жылдар бойы жабылмай келе жатқан цемент зауытына қатысты сауал қойды. Оның айтуынша, қала тұрғындары тоғыз сотта жеңіске жеткеніне қарамастан, зауыт тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

"Мен сіздердің тараптамын, бірақ заңды аттап өте алмаймын. Зауыт басшылығы Конституциялық сотқа шағымданды, іс мамырда қаралады. Біз оның шешімін әлі алған жоқпыз. Шешім шыққан соң осы іспен айналысу үшін сот орындаушыларын жібереміз. Біз кәсіпорынды жаба алмаймыз, себебі біресе апелляциялық шағым, содан кейін кассация болады. Нақты сот шешімі шыққанда ғана жұмысты бастай аламыз", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Әділет департаменті өкілінің айтуынша, қазір арыздар бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімінің орындалуын тоқтатқан. Әкім зауыт үлескерлерінен бұл аумақты өз еркімен тастап, орнына басқа учаске алуды сұрағанын, бірақ олардан ешқандай реакция болмағанын айтты.

Тұрғындар қорқытулар алғанын атап өтті.

"Ешкім заңнан аттап өтпейді. Біз қазір заңға қайшы әрекет жасай алмаймыз, егер солай жасасақ, ол бізге қарсы шығады. Заң талабын орындауға мәжбүрміз және солай істейміз", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети