Алматы облысындағы блокбекетте полиция қызметкеріне пара бермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысындағы блокбекетте полиция қызметкеріне пара бермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері блокбекеттен өту үшін пара ұсынған ер адамды ұстады. Оқиға 17 сәуірде Іле ауданында орналасқан № 4 карантиндік тосқауыл-бекетте болған.
"Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне патрульдік полиция батальонының инспекторы оған белгісіз ер адамның Алматы облысынан Алматы қаласының аумағына кедергісіз өту үшін бес мың теңге көлемінде пара бермек болғаны туралы хабарлаған. Сағат 19.00 шамасында Байсерке ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Әсет Карменов.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігіне (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
"Ұсталған тұрғын Алматы қаласына өту әрекетін достарыммен кездесіп, серуендеу үшін деп түсіндірген. 5000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленіп, іс жүргізу тәртібімен іс материалдарына қосылды", - деп толықтырды Карменов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!