12 қазан 2016 | 13:59

ДСӘДМ-нің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті жұмыс тобында қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруында 2017-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бюджеті жұмыс тобында қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруында 2017-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бюджеті жұмыс тобында қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Омархан Өксікбаев отырысқа жетекшілік жасап, Палатаның Қаржы және бюджет комиетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова қатысты.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов баяндама жасады.

Оның мәліметі бойынша: министрліктің үшжылдық кезеңге арналған бюджет жобасы 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қалыптастырылылған.

Стратегиялық жоспардың бағыттарын іске асыру үшін 2017 жылға 3 триллион 104 миллиард теңге қарастырылып отыр, оның 3 триллион 047 миллиард теңгесі - ағымдағы бағдарламалар, 57 миллиард теңгесі - даму бюджеті.

2018 жылға 3 триллион 457 миллиард теңге, 2019 жылға - 3 триллион 947 миллиард теңге көзделуде.

Министрліктің шығыстары: денсаулық сақтау, 2017 жылға шығыстар - 1 014 миллиард құрайды (32,7%) мен әлеуметтік-еңбек саласы - 2 090 миллиард теңге (67,3%) екі бағытқа бөлінеді.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың құрылымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар едәуір үлеске ие (90%) және 915 миллиард теңгені құрайды. Денсаулық сақтау шығыстарының қалған бөлігі басқа бағыттарға жұмсалатын болады (медициналық мамандарды даярлау және кызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға, күрделі шығыстар, денсаулық сақтау объекітілерін салу және сейсотұрақтылығын күшейту және т.б).

Әлеуметтік-еңбек саласында 96%, немесе 1 998 миллиард теңгесін әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар, жәрдемақылар, зиянды өтеу) құрайды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға 37 миллиард теңге, оның ішінде 27 миллиард теңге – микрокредит беруге, 10 миллиард теңге - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аударту арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталатын болады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, әлеуметтік-мәдени объектілерін жөндеу және елді мекендерді абаттандыруға 40 миллиард теңге ескерілді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғауға 9 миллиард теңге қаражат қарастырылады. Бұл соманың 70% астамы Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) іске асыруға (жол белгілері мен сілтегіштерін орнату, жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау, "Инватакси" қызметін дамытуға, жаңалықтарды сурдоаудармамен сүйемелдеу, мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету) бағытталатын болады.

Минстрдің орынбасары денсаулық сақтау және әлеуметтік–еңбек саласына қарастырылған қаржылар Министрліктің алдында тұрған міндеттерді толық көлемде орындауға мүміндік беретінін мәлімдеді.

Жұмыс тобына депутаттармен бірге "Бірлік", "Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының" (ЖСДП) және "Ауыл" партияларының, үкіметтік емес ұйымдардың және Ұлттық Банктің өкілдері қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети