26 қаңтар 2022 | 19:54

ДСМ басшысы азаматтардан денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға көмек көрсетуін сұрады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Facebook-тегі парақшасында "100 күн - 100 сұрақ" жобасы басталғанын мәлімдеді. Бұл жоба қазақстандықтарға Денсаулық сақтау министрлігімен арада ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Facebook-тегі парақшасында "100 күн - 100 сұрақ" жобасы басталғанын мәлімдеді. Бұл жоба қазақстандықтарға Денсаулық сақтау министрлігімен арада ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ажар Ғиният "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын іске асыру маңызды екенін ескере отырып, министрлік азаматтардың сауалдарына уақытылы және тез көңіл бөлуге күш жұмсайтынын айтты.

"Жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық береміз. Бюрократиясыз, қарапайым азаматтармен, қоғам мүшелерімен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз. Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған "100 күн - 100 сұрақ" бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі азаматтар [email protected] электрон пошта, ведомство сайтындағы сілтеме, сондай-ақ, министрліктің Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы медициналық көмектің сапасын немесе денсаулық сақтау саласына қатысты басқа да бағыттарды жақсарту туралы ұсыныстарын білдіре алатынын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети