ДСМ басшысы қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлауға қатысты кеңес берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлауға және корпоративтік іс-шаралар өткізуге қатысты кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға Жаңа жылды тойлауға және корпоративтік іс-шаралар өткізуге қатысты кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДСМ басшысы іс-шаралар өткізуге қатысты шектеулерді әр өңірдің бас санитария дәрігері қабылдайтынын еске салды.

"Отбасы ортасында ғана атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл - отбасылық мереке, сондықтан, әрине, жиналғандар санын шектеген жөн, вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, таралу, ауру және өлім жағдайлары бар. Сондықтан денсаулығымызға қарап, отбасымен атап өткен дұрыс", - деді Цой журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Алексей Цой көп адам жиналатын корпоративтік шараларды өткізбеуге кеңес берді.

"Ауқымды іс-шараларды шектеген жөн, белгілі бір талаптар бар, бір жерде жиналса да, саны шектеледі. Көріп отырсыздар, тіпті мектептерде күнде жабылып жатыр. Өйткені вирус жұқтырғандар бар. Жалғыз жол – вакцинация", - деп қосты ол.

Сондай-ақ, Цой Денсаулық сақтау министрлігінде корпоративтік іс-шара өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.

"Жалпы, қазір біз кейбір онлайн конференцияларды қоспағанда, барлық маңызды шараларды өткізбейміз", - деп түйіндеді Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная