30 қараша 2021 | 13:51

ДСМ жаңажылдық іс-шаралар өткізу ережелерін түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elements.envato.com elements.envato.com

Бірінші вице-министр Марат Шоранов Қазақстанда желтоқсандағы мерекелік іс-шараларға қатысты нақты ұсыныс жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бірінші вице-министр Марат Шоранов Қазақстанда желтоқсандағы мерекелік іс-шараларға қатысты нақты ұсыныс жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы ай мерекеге толы - Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Денсаулық сақтау министрлігі бас санитария дәрігердің қаулысында "қызыл", "сары" немесе "жасыл" аймақтарға байланысты нақты ұсыныстар берілген: іс-шараға қатысуға болатын адамдар саны, оның ішінде мерекелерге және т.б. Бірақ біздің тарапымыздан нақты ұсыныс немесе кештер, жаңажылдық іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар жоқ және жоспарланбайды", - деді Шоранов Үкімет отырысы аясында.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі халықты бас санитария дәрігерінің қаулысында жазылған ережелер мен нормаларды ұстануға шақыратынын айтты.

"Бас санитария дәрігерінің қаулысында белгіленген шектеулер аясында адамдардың саны, әр аймақ үшін отыратын орындар бойынша нақты критерийлер бар, бәрі осы ережелер аясында жүргізілуі керек. Егер Нұр-Cұлтан "қызыл" аймақта болса - бір ереже жүзеге асырылады, егер "сары" аймақта болса, орындардың саны аздап артады, егер өңір "жасыл" аймақта болса, сәйкесінше, отырғызу орындарының саны артады. Вирус адамдарды мәртебесі бойынша да, іс-шараның мәртебесі бойынша да таңдамайтынын нақты түсінуіміз керек. Вирус кез келген жағдайда таралады. Бұл ережелер өзгермейді", - деп қорытындылады Шоранов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети