16 шілде 2020 | 13:45

ДСМ коронавирус жұқтырған дәрігерлердің өтемақысы туралы сұраққа жауап беруге қиналды

Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің өтемақысы туралы сұраққа жауап беруге қиналды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің өтемақысы туралы сұраққа жауап беруге қиналды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өтемақы төлеуге қатысты тиісті механизм бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында тиісті процедуралар жазылған. Ол бойынша өңірлік комиссиялар бар. Олар әрбір жағдайды жеке қарап, ауруды жұқтыру және өлімнің себебін анықтайды. Қазіргі денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден жинақталған мәліметті тексеру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Барлық мәлімет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіледі. Олар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем беруді ұйымдастырады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Егер медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге, қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге берілуі керек.

"Бұл наурыз айынан бері дәрігерлерден ешкім өтемақы алмады дегенді білдіре ме?", - деп журналист сұрағын қайталады. 

"Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Сізге қосымша хабарлаймыз", - деп Сұлтанғазиев сұраққа қысқа жауап берді.

Айта кетейік, осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы коронавирус індеті өршіп тұрған өңірлерді атап, 5 айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге тест сатып алғанын, індеттен 51 дәрігер қайтыс болғанын айтқан еді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная