ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2022 | 17:19
ДСМ мен Алматы әкімдігі дәріханаларда тұзды ерітінді тапшылығына қатысты шағымдарға жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі дәріханаларда тұзды ерітінді мен басқа да негізгі дәрілер тапшылығына қатысты шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі дәріханаларда тұзды ерітінді мен басқа да негізгі дәрілер тапшылығына қатысты шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігі мәліметінше, "Натрий хлориді" дәрілік препараты (инфузияға арналған ерітінді) бүгінде тұрақтандыру қоры қоймаларында 43,2 мың бірлік мөлшерінде резервті қосқанда 80 мың бірлік тұзды ерітінді бар, жеткізуші "Инкар" ЖШС компаниясы, олармен шартқа қол қойылған. Бұдан басқа, қаланың ірі жеткізушілері қоймаларында "Медсервис плюс" ЖШС, "Аманат" ЖШС-да 17,1 мың тұзды ерітінді қоры бар.
Сондай-ақ, әкімдік ақпараты бойынша, қаладағы ең ірі "Орталық дәріхана" және "Аптека плюс" дәріханаларында 0,9 пайыз натрий хлориді ерітіндісінің барлық түрі жеткілікті мөлшерде бар. "От А до Я", "Фармаком", "Мелисса", "Садыхан Премиум", "Гаухар Тас", "Ақниет" алты ірі дәріхана желісі қоймасында 61,2 мың физраствор бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті комитет департаменттері күн сайын еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға мониторинг жүргізіп жатқанын хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларда сатылатын аспирин мен парацетамолдың көпшілігі тіркелмеген дәрілер екені туралы ақпаратқа да жауап берді. Ведомство мәліметінше, бұл Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге рұқсат құжаттары бар препараттар. Аспирин мен парацетамол коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына кіреді және оларды уәкілетті орган берген қорытынды негізінде әкелуге болады.
"Тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге рұқсат беру құжатын алу кезінде қағидалар талаптарының бірі өндірушіден сапа сертификатын ұсынады. Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін барлық дәрілік зат сапа мен қауіпсіздікке қойылатын талаптарға сәйкес келеді", - деп толықтырды ведомство өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы мен Нұр-Сұлтанда қарапайым тұзды ерітінді тапшылығы байқалғаны туралы шағымдар пайда болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также