21 қаңтар 2022 10:00

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында тұзды ерітінді тапшылығы байқалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дәріханаларда тұзды ерітінді (натрий хлориді) тапшылығы байқалды. Бұл туралы Facebook қолданушылары жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мен Нұр-Сұлтандағы дәріханаларда тұзды ерітінді (натрий хлориді) тапшылығы байқалды. Бұл туралы Facebook қолданушылары жазып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол 2 айдан бері жоқ. Бәрі сұрайды. Ешқандай доза - 100 де, 200 де, 250 де жоқ. Тұзды ерітінді әкелмейді, неге екенін білмейміз", - деп растады Алматыдағы ірі дәріханалар желісінің қызметкері.

"Қазақстанның ФармМедИндустрия" қауымдастығы осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Қауымдастық өкілі тұзды ерітінді (натрий хлориді) жеткізу мен өндірудегі кедергі өндірушілер үшін натрий хлоридінің белгіленген шекті бағадан төмендеп кетуіне байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Бізде натрий хлориді бойынша екі қазақстандық өндіруші тіркелген. Сондай-ақ, ресейлік, қытайлық, белорустық өндірушілер де бар. Әр өндіруші үшін белгілі бір баға белгіленеді. Алғашында мәселе тұзды ерітіндіге өте аз баға қоюға қатысты болды. Егер былтыр бір баға болса, мысалы, 500 миллилитр тұзды ерітінді бағасы 80 пайызға төмендеді. Отандық өндірушілер үшін тұзды ерітіндіге белгіленген шекті бағалар: 400 миллилитр - 295,82 теңге, 250 миллилитр - 198,16 теңге, 500 миллилитр - 293,01 теңге. Өндірушілерге мұндай бағамен өндіру, шығару тиімсіз. Зат қымбаттады, COVID-19 пандемиясы салдарынан бүкіл әлемде логистикаға байланысты өзгеріс болды, қымбаттады. Олар отандық өндірушілердің шығындарын өтей алмайды. Ешкім де шығынға ұшырағысы келмейді. Енді Қазақстанда ресми түрде тіркелген шетелдік өндірушілердің өзі де дәрі-дәрмектерін бекітілген шекті бағамен шығара алмайды", - деп түсіндірді "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" қауымдастығының атқарушы директоры Гүлдария Манақпаева.

Манақпаеваның айтуынша, шекті бағалар 2021 жылы тамыздың аяғында бекітіліп, 2021 жылдың 29 желтоқсанында қайта қаралған.

"Қазір, бәлкім, сатылымда сол кезде өндірілген кейбір қор, қалдықтар сатылып жатқан шығар", - деді ол.

Манақпаева осындай жағдай басқа танымал дәрі-дәрмектер бойынша да байқалғанын айтты.

"Мысалы, бізде парацетамол, аспиринге қатысты да осындай жағдай болып отыр. Қазір сатылып жатқандар - бір реттік импортпен әкелінген тіркелмеген дәрі-дәрмектер. Яғни, тіркеуден өтпеген, қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы расталмаған. Мұндай дәріні қолданған кезде азаматтардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төнеді. Қазақстан нарығына сапасыз дәрі түскен жағдайда, тіркеу жоқтығынан сараптама жасау ұйымы дәрі-дәрмектің сапасы мен қауіпсіздігін тексеріп, анықтай алмайды. Қауіпсіздікті, тиімділікті және сапаны растауға жұмсалған шығындарға байланысты ресми тіркелген дәрі-дәрмектер бір реттік әкелінген дәрі-дәрмектермен бағасы жағынан бәсекелесе алмайды. Осы жағдайға және бағаның айқын болмауына байланысты дәріханаларда "Кардиомагнил" және "Клексан" сияқты дәрілер жоқ. Бір реттік әкелінген дәрі-дәрмекті сату адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді", - деп түйіндеді "Қазақстанның ФармМедИндустриясы" қауымдастығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети