Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда тіркелген "Спутник Лайт" вакцинасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда тіркелген "Спутник Лайт" вакцинасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл вакцина бір дозалы вакцина. Бұл вакцинаны кез келген адам елге жеткізілгеннен кейін салдыруға құқылы. Вакцинаның тиімділігі 80 пайызды құрайды. Кейбір тұрғындар вакцинаны екі рет салғызғысы келмесе, осы "Спутник Лайт" вакцинасын салдыруға болады", - деді Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі бұл вакцинаны елімізге алып келу бойынша келісім-шарт жүргізіп жатыр.
Вакцинаны өндіруші Гамалея атындағы ғылыми орталықтың жетекшісінің айтуы бойынша, бұл вакцинаның айтарлықтай кері әсері жоқ. Бір ғана әсері бар, ол вакцинаны салдырғаннан кейін қызу көтерілуі мүмкін және екпе орны ауыруы мүмкін. Одан басқа кері әсері жазылмаған. Сирек кездесетін әсері болуы мүмкін, бірақ оны біздің дәрігерлеріміз азаматтарды жеке қабылдайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасы тіркелгені хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!