ДСМ өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДСМ өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетінің өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі комитетінің өкілдері неге 553 миллион теңгеге көлік сатып алғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, мұның алдында  БАҚ өкілдері комитеттің 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.

"Мемлекет басшысының ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымды материалдық-техникалық жарақтандыру 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді", - деді комитеттегілер.

Ведомство мәліметінше, көлік комитеттің 18 аумақтық департаментінің 224 аудандық басқармасы бар мамандары үшін, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course up  579.71  course up  6.43  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети