ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты халыққа тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыным берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты халыққа тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар ұсыным берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, ведомство ішу және тамақ дайындау үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалануға кеңес береді. Су басқан жерлерде бұлақтардан, құдықтардан, ұңғымалардан су ішпеу ұсынылады.
Сондай-ақ, тасқын суда қалған азық-түлік өнімдерін пайдалануға болмайды, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен тасқын су жетпейтін жерлерде сақтау керек.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға негізгі гигиеналық ережелерді еске салды: тамақты дайындап, жеу алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу. Су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу ұсынылады.
Жұқпалы аурулар белгілері (қызба, жүрек айнуы, құсу, іш өту, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.) байқалса, дереу дәрігерге хабарлау керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұсталатынына сендірді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!