ДСМ Цойдың алматылық блогерлермен кездесуін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДСМ Цойдың алматылық блогерлермен кездесуін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов журналистердің ведомство басшысы Алексей Цойдың Алматыда блогерлермен кездесуі туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қыркүйекте Желіде Алексей Цойдың Алматы кафелерінің бірінде блогерлермен кездесуі туралы ақпарат пайда болған.

Фото Facebook / Бағдат Асылбек

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері "уақыты жоқ" деген Цойдың неге журналистер алдына шықпай, екі сағатын блогерге арнағанын сұраған. 

"Блогерлермен кездесу - БАҚ секілді кездесу. Дәл қазір кейбір блогердің аудиториясы кейбір БАҚ-қа қарағанда көбірек. Сондықтан мен медиа-маман ретінде бұл кездесуді өткізуге кеңес бердім. Бұл қоғаммен байланыс жасауға кезекті тиімді құрал деп ойлаймын", - деп жауап берді ол. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі 1 қазанда Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатына шығатынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети