Қазнетте COVID-19-ға қарсы вакцина алмас бұрын қол қойылатын келісімге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Олардың айтуынша, құжат дәрілердің сапасына ешкім жауап бермейтіндіктен қажет. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар коронавирусқа қарсы вакциналар туралы ерікті келісімге қол қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық білдіре бастады.
"Сенім деңгейі өте төмен, себебі олар ерікті екпе салдырғаны үшін құжаттарға қол қоюға мәжбүр, ал егер бірдеңе дұрыс болмай қалса, ешкім жауап бермейді. Мен жыл сайын тұмауға қарсы екпе аламын, бірақ мұндай құжаттарға ешқашан қол қойған емеспін", - деп жазады қолданушылар.
Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде кез келген вакцинаны қабылдамас бұрын тиісті тармаққа қол қою қажет екенін айтты.
"Ерікті түрде берілетін ақпараттандырылған келісім коронавирусқа қарсы вакцина алғанда ғана қажет екені туралы ақпарат та шындыққа жанаспайды. Пациенттер кез келген вакцинаны алмас бұрын құжатқа қол қоюы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егулер жүргізу қағидалары" қаулысына 2-қосымшада айтылған", - деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар, ведомство Қазақстанда қолданылатын COVID-19-ға қарсы вакциналар қауіпсіздігі клиникалық зерттеулер нәтижесінде расталатынын еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!