Дубай тұрғындарына Еуропада емес, Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы - Бауыржан Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубай тұрғындарына Еуропада емес, Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы - Бауыржан Байбек © Voxpopuli.kz

Дубай туристеріне Еуропаға қарағанда Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы. Бұл туралы Бауыржан Байбек халықтың алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубай туристеріне Еуропаға қарағанда Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы. Бұл туралы Бауыржан Байбек халықтың алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы туризмнің әлем бойынша ең көп жұмыс орнын ашатын сала екенін жеткізді. "Бұл біздің қала экономикасының драйвері. Алматы өте керемет жерде орналасқан. Жақында біз Дубайдан келген туристермен кездестік. Олар Еуропаға қарағанда Алматыға келген тиімді екенін айтты. Дубайдағы пәтерінен турист Шымбұлаққа дейін 7 сағат: әуежайға дейін жарты сағат, тіркелуге бір жарым сағат, ұшақта 4 сағат, әуежайдан Шымбұлаққа дейін бір сағат жұмсайды", - деді Байбек.

Ол Универсиаданы өткізу біздің қаланы әлемге танытатын кермет мүмкіндік екенін айтты. "Мұнда ешкім түйемен жүрмейді. Бұл заманауи қала. Шараның адамдарды қамту деңгейі 1 миллиардқа жуық", - деді ол. Әкім 5000 қатысушы мен 30000 туристің келетінін болжады. Ол теңге бағамының өзгеруі Алматыны туристер үшін тартымды еткенін де жеткізді.

Қала басшысы жақында ғана Алматыға мемлекет басшысының келгенін еске салды. Ол Елбасының Шымбұлақ экологиясына көңілі толмағанын айтты. Осыдан кейін бұл аймаққа көлікпен кіруге тыйым салынды. Байбек азаматтарға онда газбен жүретін көлікпен баруды қамтамасыз ететінін айтты. "Елбасы қала сервисін, құрылысты дамыту, сонымен қатар Универсиада қарсаңында әуежайды модернизациялау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Әкімдік бұл тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. "Шымбұлаққа" көліктерге көтерілуге тыйым салынды, әл-Фарабиден жоғары жақтағы құрылыс мәселесі қарастырылып жатыр. Таяуда осы тапсырманы орындауға байланысты нақты шаралар қолданамыз. Адамдардан ыңғайсыз екені рас, олар көліктерді неге тоқтатып жатқанымызды сұрайды. Дегенмен, Елбасы айтпақшы, әлемде адамдардың барлығы фуникулермен (аспа жол - Авт.) жүреді. Ол заманауи әрі жылдам. Ал биіктен қорқатын адамдар үшін газбен жүретін транспорт енгіземіз", - дед әкім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети