Дубай туристеріне Еуропаға қарағанда Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы. Бұл туралы Бауыржан Байбек халықтың алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дубай туристеріне Еуропаға қарағанда Шымбұлақта шаңғы тебу ыңғайлы. Бұл туралы Бауыржан Байбек халықтың алдындағы есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала басшысы туризмнің әлем бойынша ең көп жұмыс орнын ашатын сала екенін жеткізді. "Бұл біздің қала экономикасының драйвері. Алматы өте керемет жерде орналасқан. Жақында біз Дубайдан келген туристермен кездестік. Олар Еуропаға қарағанда Алматыға келген тиімді екенін айтты. Дубайдағы пәтерінен турист Шымбұлаққа дейін 7 сағат: әуежайға дейін жарты сағат, тіркелуге бір жарым сағат, ұшақта 4 сағат, әуежайдан Шымбұлаққа дейін бір сағат жұмсайды", - деді Байбек.
Ол Универсиаданы өткізу біздің қаланы әлемге танытатын кермет мүмкіндік екенін айтты. "Мұнда ешкім түйемен жүрмейді. Бұл заманауи қала. Шараның адамдарды қамту деңгейі 1 миллиардқа жуық", - деді ол. Әкім 5000 қатысушы мен 30000 туристің келетінін болжады. Ол теңге бағамының өзгеруі Алматыны туристер үшін тартымды еткенін де жеткізді.
Қала басшысы жақында ғана Алматыға мемлекет басшысының келгенін еске салды. Ол Елбасының Шымбұлақ экологиясына көңілі толмағанын айтты. Осыдан кейін бұл аймаққа көлікпен кіруге тыйым салынды. Байбек азаматтарға онда газбен жүретін көлікпен баруды қамтамасыз ететінін айтты. "Елбасы қала сервисін, құрылысты дамыту, сонымен қатар Универсиада қарсаңында әуежайды модернизациялау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Әкімдік бұл тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті. "Шымбұлаққа" көліктерге көтерілуге тыйым салынды, әл-Фарабиден жоғары жақтағы құрылыс мәселесі қарастырылып жатыр. Таяуда осы тапсырманы орындауға байланысты нақты шаралар қолданамыз. Адамдардан ыңғайсыз екені рас, олар көліктерді неге тоқтатып жатқанымызды сұрайды. Дегенмен, Елбасы айтпақшы, әлемде адамдардың барлығы фуникулермен (аспа жол - Авт.) жүреді. Ол заманауи әрі жылдам. Ал биіктен қорқатын адамдар үшін газбен жүретін транспорт енгіземіз", - дед әкім.