Дубайда қазақ келіншек аяусыз соққыға жығылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 37 жастағы Нұргүл Нұрғалиева ол жаққа жұмыспен барған. Оқиға 1 ай бұрын сол қаладағы қонақ үйлердің бірінде болғанымен, бұл туралы енді ғана айтылып жатыр.

Телеарна мәліметінше, Дубайға қыдырып барған Қазақстан азаматтарымен жолығу үшін Нұргүл такси шақыртып, қонақ үйге барады. Діттеген жеріне келген соң, жүргізуші отандасымыздың артынан байқатпай еріп келіп, лифтінің ішінде тепкінің астана алыпты. Кейін қолындағы ақшасын алып, ізін суытқан. Ал ауыр соққыдан әйелдің бас сүйегі мен жағы сынып, жансақтау бөліміне жеткізілген. 16 күн бойы жан сақтау бөлімінде жатқан отандасымыздың қазір беті бері қарап, ауруханадан шығарылды.
Күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Нұргүл әлі де Дубайда. Ал оның Алматыдағы туыстары жасалған ем-домға қажетті қаржыны жинауға халықтан көмек сұрап отыр. Қазақстандық келіншектің інісі Берік Нұрғалиевтің айтуынша, Дубайда алғашқы медициналық көмек көрсету тегін. "Ал, қалғаны емдегені, жасаған операциясы бар, комасы бар соның бәріне 15 мың доллардай керек. Соны төлемейінше, ешқайда шыға алмайды", - деді ол.