Дубайда EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонының техникалық ашылуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дубайда EXPO-2020 көрмесінде Қазақстан павильонының техникалық ашылуы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Техникалық ашылуға қатысқан 9 павильонның ішінде Қазақстан павильоны келушілер саны бойынша ең танымал павильонға айналды. Алғашқы 3 сағаттың өзінде павильонға 1,5 мыңнан астам адам келді. Көрме кезінде барлығы 1 миллионға жуық адам келеді деп күтіліп отыр.
Қонақтар Қазақстан павильонымен "Прешоу" кіру аймағынан "ДНҚ коды - шежіре" тақырыбымен таныса бастады, онда түрлі этностардың тарихи байланысы және Ұлы Дала көшпенділерінің әлем халқының генетикасына қосқан үлесі туралы баяндалады. Сондай-ақ, бірінші қабатта еліміздің туристік әлеуеті, көркем ландшафттары мен табиғи ресурстары, бай тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері көрсетілген.
"Нұр-Сұлтан қаласы – Еуразия жүрегі" аймағында баспа және медиатехнологияларды үйлестіретін елорданың бірегей жоғары технологиялық панорамасы ұсынылған.
Әсіресе, қонақтар арасында Brixel Mirror кинетикалық арт-инсталляциясы орналасқан future Now аймағы танымал болды. Бұл цифрлық дисплей ретінде жұмыс істейтін бағдарламаланған қозғалмалы модульдік блоктардың қабырғасы.
Осы аймақта инновациялық қала құрылысы, жасанды интеллект, болашақ мамандықтары және т.б. тақырыптарды ашатын Vision Machine инсталляциясы орналасқан.
Соңында келушілер 270 градус панорамалық кинотеатры бар ерекше финалдық шоуды көрді. Аймақ көрменің "ақыл-ойды біріктіріп, болашақты жасай отырып" атты басты тақырыбын бейнелейді.
Павильонда Қазақстаннан арнайы дайындалған стендтер жұмыс істейді.
Dubai EXPO-2020 Бүкіләлемдік көрмесі аясында ҚР Ұлттық павильоны алаңында Қазақстан Республикасының ресми тұлғаларының, мемлекеттік органдар, мемлекеттік сектор, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен 25-ке жуық іскерлік іс-шара өткізу жоспарланған. Сондай-ақ іскерлік іс-шаралар шеңберінде көрме кезеңінде конференциялар, форумдар, В2В-кездесулер өткізіледі, оның ішінде елдің инвестициялық және туристік әлеуеті бойынша презентациялар, ғылыми және білім беру жобалары, креативті шешімдер ұсынылады. Осы іс-шаралардың қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдерге қол қойылады, бұл өз кезегінде ел экономикасын дамыту үшін мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!