“Дүкен де, банкомат та қабылдамайды“ : қазақстандық жаңа банкнотқа шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Дүкен де, банкомат та қабылдамайды“ : қазақстандық жаңа банкнотқа шағымданды

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтың 1000 теңгелік мерейтойлық банкнотты банкомат қабылдамағаны туралы жазбасы тарады. Оқиғаға қатысты Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушысы Threads-та жариялаған жазбасында 1000 теңгені дүкен де, белгілі банктің банкоматы да қабылдамағанын айтқан.

Әңгіме болып отырған банкнот 2025 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған. Наминалы 1000 теңгелік банкноттың тиражы - 5 миллион дана.

Біз Ұлттық банктің баспасөз қызметіне пікір алу үшін хабарластық және мәселенің техникаға байланысты болуы мүмкін екенін анықтадық.

"Банктер мен төлем ұйымдары жаңа банкноттарды қабылдау немесе беру үшін техникаларын бірнеше аптадан бірнеше айға дейін бейімдейді. Мәселе осыған байланысты болуы мүмкін. Бұл банкоматтың бағдарламасы мерейтойлық банкнотты қабылдауға әлі жаңартылмаған болуы мүмкін", - деді Ұлттық банк өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети