26 ақпан 2020 | 17:06

Дулат Ағаділдің өлім себебі аталды

Дулат Ақәділ

Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары Елдос Килымжанов белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілетме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан прокурорының орынбасары Елдос Килымжанов белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілетме жасап.

"25 ақпанда Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері  Ағаділдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу объектив жүруі үшін қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының прокурорлары өндіріске алды.

Реклама
Реклама

26 ақпанда қайтыс болған Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша мәйіт сараптамадан өткізіліп, зерттелді. Мамандар Ағаділдің өлімінің себебін анықтады - өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Ешқандай дене жарақаты анықталмады, зорлық белгілері жоқ", - деді Елдос Килымжанов.

Оның айтуынша, сараптама зерттеу қорытындысы шыққан соң жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болған еді. Кейін Ішкі істер министрлігі Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтқан болатын. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная