1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Министрлік Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтты

ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғали Заппаров қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 ақпанда кешкі 21.00 шамасында Ақмола облысы Целиноград аудандық бөлімінің қызметкерлері сот қаулысын орындау мақсатында Талапкер елді мекенінің 1977 жылы туған азаматы Дулат Ағаділ Шәкірұлын Ақмол елді мекенінің емханасына жеткізген. Тәртіп бойынша сарапшының сараптамасы өткізілді. Сол жерде азамат Ағаділдің қанында орта дәрежедегі алкоголь бары анықталды. Сонымен қатар, дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы сот-сараптама орталығында сот-сараптамасы өткізіліп, дене жарақатының бар-жоғы анықталды", - деп хабарлады министрлік өкілі.

Сондай-ақ, камераға оқшаулау алдында одан денсаулығына байланысты ешқандай арыз-шағым болмағаны айтылады.

"Сағат таңғы алтыларда тұрғаннан кейін тамақ ішкен соң дәретханаға кетеді, одан шығысымен тізерлеп отырып құлап қалған. Камерадағылар Ағаділдің денсаулығы нашарлағанын бақылаушыға хабарлайды. Ол алғашқы көмек көрсетуге тырысып, медициналық жәрдем шақырған. Келген жедел жәрдем қызметі Ағаділдің көз жұмғанын тіркейді. Денесін қарау кезінде зорлық-зомбылық әрекеттері анықталмады", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болғаны хабарланған еді.  Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті. 

Полицейлердің мәліметінше, өілмнің алдын ала себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Доллар қымбаттап жатыр
Доллар арзандады