26 ақпан 2020 14:27

Министрлік Дулат Ағаділді полицейлер неге "түнде" алып кеткенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Дулат Ағаділ Қайтыс болған Дулат Ағаділ

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қоғам белсендісі Дулат Ағаділді ұстау сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қоғам белсендісі Дулат Ағаділді ұстау сәті түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Ағаділді ұстауға байланысты бейнесюжеттердің таралуына қатысты. Шынында да, жедел іздестіру іс-шараларын Ақмола облысы департаментінің қызметкерлері жүргізді. 2020 жылдың 11 ақпанында Целиноград аудандық соты сырттай қамауға алу - күзетпен ұстауға санкция берді, өйткені оған қатысты бұрын "ешқайда кетпеу туралы қолхат" бұлтартпау шарасы болған. Ағаділ, өкінішке қарай, тергеушінің бірнеше қоңырауынан, бірнеше шақыру қағазынан кейін де келген жоқ. Осыған байланысты ҚПК-де көрсетілгендей, бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім қабылданды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

Журналистер белсендіні неге түнде алып кеткенін сұраған.

"Жедел ақпарат бойынша, бұл түн емес, ол кезде уақыт 20 сағат 37 минут болды. Бұл түнгі уақытқа жатпайды. Оның үстіне, қызметкерлеріміз іздеу жарияланған күдіктілерге қатысты жедел іздестіру шараларын тәулік бойы жүргізеді. Егер біз қылмыс жасаған күдікті адамның орналасқан жері туралы хабарлама алсақ, оны іздеу туралы санкция бар болса, онда біздің жедел қызметкерлеріміз тәулік уақытына қарамастан, ол тұрған жерге барып ұстайды, бұл біздің - жұмысымыз", - деп жауап берді Санжар Әділов.

ІІМ өкілі марқұмның денесіне зақым келгені туралы ақпаратты жалған деп атады.

"Ағаділ Дулаттың қазасына байланысты барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кеше сот медициналық сарапшылар, прокурор, ҚАЖК өкілдері Дулат Ағаділдің денесін қарады. Бастапқы сыртқы қарау кезінде дене зақымы анықталмады. Кеше сот сарапшылары алдын ала қорытындысын жасап, өлімнің жүректің кенет тоқтауынан, өткір жүрек-қан тамыр жетіспеушілігінен болғанын айтты", - деді Әділов.

"Толық сот-медициналық сараптама қорытындысын алу үшін, нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша, кем дегенде 25-30 тәулік өтуі керек", - деді ол.

Оның айтуынша, Ағаділдің туыстары сарапшылар комиссиясының құрамына өзге сарапшылар мен оның құрамын кеңейту туралы өтініш түсірген.

"Қазіргі уақытта өтініш қанағаттандырылды. Бүгіннен бастап бұл қылмыстық істі тергеумен Нұр-Сұлтан прокуратурасы, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы айналысып жатыр. Амал не, өндіріс ІІМ-де болмағандықтан, өзге де толық пікірді мен бере алмаймын", - деп қорытты ол.

Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болған еді. Кейін Ішкі істер министрлігі Ағаділдің өліміне қатысты мән-жайды айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети