Думан Қожахметов "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Думан Қожахметов "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті  

Думан Қожахметов АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына қызмет бабымен көшуіне байланысты "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның сайтына сілтеме жасап. 

Думан Қожахметов "Қазконтент" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалға дейін Black & White медиакомпаниясының бас директоры, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды, жеке және мемлекеттік компанияларды жұмыс істеген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "БАҚ-тағы экономика мен менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы Ләззат Сүйіндік ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың атынан Думан Қожахметовке жасаған жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, компания қызметіндегі елеулі жетістіктер, атап айтқанда материалдық-техникалық базаны жаңарту, мультимедиалық студияны құру, жаңа медиаформаттарды енгізу, компанияның сайттары мен жобаларының жұмысын жүйелеу, корпоративтік басқаруды дамыту жұмыстары туралы атап өтті.

Думан Қожахметов министрлік пен "Қазконтент" АҚ ұжымына бірге атқарған нәтижелі жұмыс үшін алғыс білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.1  course down  589.08  course up  6.48  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети