Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа қаламсап сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа қаламсап сыйлады © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведоны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың бұдан арғы перспективаларын талқылады.

"Мемлекет басшысы біздің елдің ұйымға қосылу жолындағы ұмтылысы жөніндегі келіссөздер үдерісі кезінде көрсеткен қолдауы үшін  Роберто Азеведоға алғыс айтып, бірлесе жұмыс жүргізген жылдарда қол жеткізілген өзара іс-қимылдың деңгейі жоғары болғанын атап өтті", - делінген хабарламада.


© Ақорда

Азеведо қабылдау үшін ризашылық білдіріп, біздің елмен ынтымақтастықтың тиімділігі зор екенін айтты.

Қазақстан Президенті кездесу барысында Р.Азеведоны достықты нығайтуға және ынтымақтастықты жолға қоюға қосқан үлесі үшін II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Роберто Азеведо Нұрсұлтан Назарбаевқа естелік кәдесый ретінде Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі хаттамаға қол қоюға қолданылған қаламсапты тарту етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети