27 сәуір 2021 | 11:53

"Дүрбелең басталды". Талғарлықтар ауруханадағы вакцинация жұмыстарына шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Талғар тұрғындары вакцинаның екінші дозасын алу "дүрбелеңге" айналғанын айтты. Тұрғындар "Талғар орталық аудандық аурухана" қызметкерлері жұмысының ұйымдастырылмағандығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Талғар тұрғындары вакцинаның екінші дозасын алу "дүрбелеңге" айналғанын айтты. Тұрғындар "Талғар орталық аудандық аурухана" қызметкерлері жұмысының ұйымдастырылмағандығына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Талғар ауруханасында адамдардың кезекке тұрған сәтінің видеосы жарияланды. Видео авторының айтуынша, адамдар вакцинаның екінші дозасын салдыруға келген.

"Бүгін миға симайтын дүние болды. Біріншіден, дәрігерлер таңертең бес минутқа жиналысқа кетіп, жиырма бес минут айналды. Әрі қарай, бәріміз кезекке тұрып, күттік. Дәрігерлер алғашқы вакцинация кезінде басталған қағазды алып келмейінше, ешкімді қабылдамады. Бірақ оларда карталар болды. Адамдар арасында дүрбелең басталды: "Ол карталарды қайдан алуға болады?" деп. Адамдар картаны қайдан алу керегін түсінбей қалды. Кейін үш медбике дәлізде тұрып, 4, 5 және 6 сәуірде болған адамдардың атын атап шақырды. Дәліздегі барлық адам оларға қарай жүгірді. Тұрғындарға жағдай жасасын", - делінген автор жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Талғар орталық аудандық аурухана дәрігерлері жағдайды түсіндірді. Олардың айтуынша, адамдар белгіленген күні келмегендіктен, кезек қабаттасып кеткен.

"Екінші компонентті алу үшін 25 сәуірге 190 адам шақырылды. Бірақ 25 сәуір, жексенбіде тек 50 адам келді. Қалғандары 26 сәуірде таңертең келді. Осыған байланысты кезек қабаттасып кетті. Бұл жағдай шешілді, бір сағат ішінде барлығы екінші компонентті алды. Құрметті тұрғындар, тағайындалған күні келулеріңізді сұраймыз. Біз демалыссыз сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейміз. Егу бөлмелері бірінші және үшінші қабатта орналасқан", - деді аурухана өкілдері.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында 122 584 науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған. Екінші дозаны 14 904 тұрғын алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети