27 тамыз 2024 | 11:11

Дуров қамауға алынғаннан кейін Telegram танымалдығы артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Telegram негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуровтың Францияда қамауға алынуы қосымшаның танымалдығы мен рейтингіне әсер ете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techcrunch.com сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Telegram негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуровтың Францияда қамауға алынуы қосымшаның танымалдығы мен рейтингіне әсер ете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Techcrunch.com сілтеме жасап.

"Telegram қосымшасы көбірек жүктелетін болды, бұл оған америкалық App Store әлеуметтік медиа диаграммасында екінші орынға ие болуға және әлемдегі iOS жүктеулерінің санын 4 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Telegram-ның танымалдығы Дуров қамауға алынғаннан кейін бірден артқан жоқ", - делінген басылымда.

Ал Францияда қосымша App Store-дағы "әлеуметтік желілер" санатында № 1-ге көтеріліп, жалпы рейтингте үшінші болды.

Үздік қосымшалар диаграммасында Telegram АҚШ-тағы 18-ші орыннан 8-ші орынға көтерілді, яғни жұмадан бастап 10 позицияны артта тастады. Appfigures мәліметінше, бұл рейтингтегі ең жоғары орын, кем дегенде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап.

Еске салайық, 25 тамызда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметі ұстаған болатын.

Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан ұшқан жеке бизнес-джет ұшақпен келген. Дуров есірткі саудасына және басқа да ауыр қылмыстарға ықпал етуші деген күдікке ілінді.

Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады. Жақын арада ол сотқа тартылады және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, Дуровтың Француз азаматтығы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети