07 ақпан 2014 17:16

Дүйсенбіге қарай ауа температурасы қайта төмендейді

©Марат Әбілов

Дүйсенбіге қарай Қазақстан аумағында ауа температурасы қайта төмендейді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнының сайтына сілтеме жасап. Мамандардың болжамына қарағанда, ақпанның 8-10-ы күндері циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның аумағына ақырындап жылжып, кей жерлерде қар мен бұрқасынның болуына, желдің 15-20 м/с-ке күшеюіне, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақтың болуына әкеп соғады. "Жылы атмосфералық фронттың өтуінен болған аяздардың қысқа мерзімді төмендеуіне қарамастан, демалыс күндері және дүйсенбі күні ауа температурасы бұрынғыдай нормадан 8-13 градусқа төмен болады, солтүстікте және шығыста 23-33 аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 15-25 градус аяз болады", - делінген хабарламада. Алдағы дүйсенбіде республика бойынша ең төменгі температура Қазақстанның орталық бөлігінде байқалады. "Қарағанды облысында 10 ақпанда ең суық түн болады, температура 28-33 градус аязға дейін төмендейді, кей жерлерде 37 градус аяз болады", - дейді мамандар. Еске сала кетейік, мұның алдында "Қазгидромет" метеорологтері ақпанның 6-сынан кейін еліміздің аумағында күштің аяздың біршама уақытқа бәсеңдейтінін хабарлаған болатын. Сонымен бірге, ауа температурасының төмендеуіне байланысты 6-8 ақпан күндері Алматы облысында өзендердің деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram