ЕGov-қа кіру әдістері өзгерді: нені білу керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov-қа кіру әдістері өзгерді: нені білу керек? Midjourney көмегімен жасалған

eGov.kz порталы мен қосымша сервистерінде жаңа авторизация әдісі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

eGov.kz порталы мен қосымша сервистерінде жаңа авторизация әдісі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ электрондық үкімет порталы eGov.kz пен eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, "Ашық үкімет" порталына жаңа авторизация әдісі енгізілгенін хабарлайды.

Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді:

  • eGov QR – eGov Mobile мобильді қосымшасында QR кодты сканерлеу арқылы кіру;
  • ЭЦҚ пайдаланып авторизациядан өту – растама SMS-код арқылы жүзеге асады;
  • Логин мен пароль арқылы кіру – пайдаланушы ЖСН мен парольді енгізеді, ал жеке тұлғаны растау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі.

"Егер пайдаланушы eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді қолданса, авторизация үшін оған QR кодты сканерлеу функциясы - eGov QR ұсынылады", - делінген хабарламада.

Логин (ЖСН) мен парольді пайдаланып авторизациядан өтудің жаңа механизмі мобильді оператор желісінің қолжетімсіз аймақтарында ыңғайлы. Бұл жағдайда жеке тұлғаны SMS-код арқылы растау қажет емес. Пайдаланушыға парольді ұмытып қалса, оны қалпына келтіру мүмкіндігі де берілген. Жүйе пайдаланушыға қолжетімді деректерді автоматты түрде анықтап, тиісті енгізу өрістерін ұсынады. Сәтті тексеруден кейін ақпарат ЭЦҚ арқылы расталып, авторизация процесі аяқталып, жеке кабинетке қауіпсіз кіру қамтамасыз етіледі.

ҰАТ мәліметінше, жаңа механизм қолданыстағы әдістерді толықтырып, порталдағы аутентификация нұсқаларын кеңейтеді. Жаңарту порталдың және оның құрамдас бөліктерінің электрондық мемлекеттік қызметтеріне қолжетімділікті қауіпсіз, ыңғайлы етіп, баламалы идентификация тәсілін ұсынуға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети