19 қазан 2016 | 13:27

ЕАЭО елдері көлік саласындағы білім алу аясы кеңістігін кеңейтуге мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 7kun.kz © 7kun.kz

Көлік жүйесіндегі білім беру саласында Қазақстанның транзиттік экспорттық әлеуетін халықаралық көлік жүйесіне сәйкестендіріп, жүзеге асыратын мамандар даярлау күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Көлік жүйесіндегі білім беру саласында Қазақстанның транзиттік экспорттық әлеуетін халықаралық көлік жүйесіне сәйкестендіріп, жүзеге асыратын мамандар даярлау күн тәртібінде тұр, деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай М. Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) өткізілген дөңгелек үстел отырысында ЕЭО аясында көлік саласындағы білім алу жүйесіндегі мүмкіндіктерді біріктіру жайы талқыланды.

Ұлыбритания Логистика және көлік корольдік институтының халықаралық серіктестік департаментінің директоры Джон Харристің айтуынша, "ЕЭО аясында білім жүйесін сәйкестендіру қажет".

Д. Харрис бірлескен білім миссиясының нәтиже бергендігін атап өтті. ҚазККА CILT бағдарламасы бойынша біліктілігін көтеру курсына тіркеуден өткен.

Қазіргі кезде Корольдік институтпен бірлесіп, ҚазККА оқу базасында "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА көліктік-логистикалық хабына кадрлер даярлау мәселесін қарастырып жатыр.

Император Николай 2 Мәскеу мемлекеттік көлік қатынасы университетінің (МИИТ) бірінші проректоры Валентин Виноградов "бірлескен бағдарлама жасай отырып, ҚазККА мен МИИТ оқу орындарын бітірген түлектердің қос диплом алатын жағдайын жасау ұсынысын жеткізді".

2017 жылғы наурыздан бастап ҚазККА студенттері Франциядағы Le Havre универститетінде PHD бағдарламасымен оқуға барады. Бұл туралы дөңгелек үстелде Le Havre университетінің профессоры Пьер Шабаль хабарлады.

Дөңгелек үстел отырысында ЕЭО аясында көлік саласындағы білікті кадрлерді даярлаудағы қатынасты тереңдете түсу туралы көптеген ұсыныстар түсті. Мәселен, "ҚХР үшінші темір жол жобалау - зерттеу институты" компаниясының бас директорының орынбасары Цзян Сианпин жүрдек пойыздардың темір жол жобаларын жүзеге асыру туралы ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети