ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстан банктерінен 120 миллиард теңге несие алған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстан банктерінен 120 миллиард теңге несие алған

Сенатта "ЕАЭО шеңберіндегі кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген азаматы (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей) ЕАЭО аумағындағы кез келген екінші деңгейлі банктен несие ала алады.

"Былғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасы біздің банктерден 120 миллиард теңгеге жуық несие алған", - деді сенатор Сергей Карплюк.

Алайда, ЕАЭО елдері ішінде несие бойынша мәліметтермен алмасу тәртібі шешілмеген. Осы орайда, аталған құжат бұл саладағы мәселелерді шешуге ықпал етеді.

"Несие тарихын айырбастау не үшін қажет? Біріншіден, бұл адал қарыз алушылардың банктік қызметтерге қолжетімділігін кеңейтеді. Яғни, ЕАЭО-ның кез келген еліндегі банктен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл қорғайды. Банк қарыз алушының сенімділігіне көз жеткізе алады және сол арқылы олардың тәуекелдерін азайтады", - деп түсіндірді Карплюк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети