Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі РФ СІМ басшысының орынбасары Александр Панкиннің ЕАЭО-ның Батыс санкцияларына қарымта санкция дайындау туралы сөзіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі РФ СІМ басшысының орынбасары Александр Панкиннің ЕАЭО-ның Батыс санкцияларына қарымта санкция дайындау туралы сөзіне түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, бірлестікті құрудың мақсаты - тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, өз халықтарының әл-ауқатын арттыру мүддесінде мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау.
СІМ мәліметінше, Қазақстан ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестер тек экономикалық сипатқа ие деген ұстанымды қолдайды.
"Еуразиялық интеграция органдарына тән емес функцияларды беруді қабылдауға болмайтынын дәстүрлі түрде атап өтеміз және бірлестікті саясиландыруға қарсымыз.
ЕАЭО туралы шартты реттеу мәселесінің шеңберінен шығатын, оның ішінде үшінші елдердің санкциялық әрекеттеріне жауап шараларын қолдану жөніндегі бастамаларды талқылау мәнмәтінінде Батыстың санкциялары өзінің негізінде, ең алдымен, саяси себептері бар және бүкіл ЕАЭО-ға емес, жекелеген мемлекеттерге қарсы бағытталғанын атап өтеміз", - делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің "шоғырландырылған шаралары" туралы басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін атап өтті. Еуразиялық интеграция бойынша әріптестермен жүргізілетін жұмыста мұндай санкциялардың біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін болдырмау бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы ғана айтуға болатыны хабарланды.
Бұған дейін Александр Панкин ЕАЭО Батыстың санкцияларына "шоғырландырылған" жауап дайындап жатқанын мәлімдеген.
"ЕАЭО-ға қатысты үшінші елдердің достық емес санкциялық әрекеттеріне жауап беру шаралары күн тәртібіне қойылды және ол қаралады", - деді ресейлік дипломаты.
Бұған дейін АҚШ Беларуське қарсы қандай санкция салатынын жариялаған еді. АҚШ президентінің әкімшілігі санкцияларға "адам құқықтарының бұзылуы мен сыбайлас жемқорлық, 2020 жылғы сайлаудың бұрмалануы және 23 мамырдағы оқиғалар (Ryanair ұшағына байланысты. - автор)" себеп болғанын хабарлады.
Сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Америка елшісі ел билігі санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламайтынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!