Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың аз құрамдағы отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың аз құрамдағы отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырысқа Қазақстан Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті - Владимир Путин, Беларусь президенті - Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті - Алмазбек Атамбаев пен Армения президенті Серж Саргсян қатысып жатыр.
"Сіздерді біздің Еуразиялық экономикалық одақтың ары қарай даму барысын талқылау мақсатында Астанада көргенім үшін қуаныштымын. Ең алдымен сіздерді Астанада былтыр 29 мамырда өткен ЕАЭО-ның келісіміне қол қойылуына бір жыл толуымен құттықтағым келеді", - деді Президент жиынды аша отырып.
"Ресей, Қазақстан және Беларусь осы бастаманы көтерсе, кейін біздің құрам Армения және Қырғызстанмен толықты. Сонымен қатар, ЕАЭО-ның қызметі қарқын ала бастады. Бүгін біз экономикалық одақтың қызметі бойынша маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдау үшін жиналып отырмыз. Күн тәртібінде 14 сұрақ тұр", - деді Назарбаев.
Айта кетейік, отырыс журналистердің қатысуынсыз өтіп жатыр. Баспасөзге Назарбаевтың алғысөзі ғана трансляцияланды.
Айта кетейік, одақтың кеңейтілген отырысы кейін өтеді.