14 тамыз 2021 | 16:50

EClinicalMedicine журналында QazVac зерттеулерінің нәтижесі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EClinicalMedicine журналында қазақстандық QazVac вакцинасын зерттеудің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

EClinicalMedicine журналында қазақстандық QazVac вакцинасын зерттеудің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"The Lancet шығаратын EClinicalMedicine журналы отандық QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды.

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын", - деп жазды министр Facebook-те.

Бұған дейін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директоры Күнсұлу Закария QazVac вакцинасының III клиникалық сынақтарының нәтижесі туралы айтқан болатын.

"Тірі вирустың көмегімен жүргізілген бейтараптандыру сынағы вакцинацияланған организмнің QazVac вакцинасына иммундық реакциясын анықтауға кепілдік береді. Сынақтан өткен 3244 адамға жүргізілген үш фазалы клиникалық зерттеулерде және 200-ден аса еріктіні хаттамасыз зерттеуде SARS-CoV-2 вирусын бейтараптандыратын антидене QazVac вакцинасын салдырғандардың 95 пайызынан астамында анықталды", - деді Күнсұлу Закария.

Сонымен қатар, QazVac вакцинасынан кейін пайда болған антиденелер бейтараптандыру реакциясының деңгейі бойынша Hayat-Vax вакцинасына қарағанда едәуір жоғары және "Спутник V" вакцинасынан кейінгі антиденелер деңгейімен шамалас екені де хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети