22 мамыр 2015 | 18:24

ЕДБ басшысы: ЕАЭО-да бірыңғай валюта енгізу таяу уақыттың ісі емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Еуразиялық даму банкінің басшысы Дмитрий Панкин VIII Астана экономикалық форумының аясында өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта шығаруға байланысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 


Иконка комментария блок соц сети

Еуразиялық даму банкінің басшысы Дмитрий Панкин VIII Астана экономикалық форумының аясында өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай валюта шығаруға байланысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

"Бірыңғай валюта керек пе, жоқ па - осы жайлы. Қазіргі уақытта валюталық саясаттың координациясы өзекті. Қазір банк реттеуі, қаржы нарығындағы бірыңғай түсінікті реттеу нормалары өзекті. Бірыңғай валюта мәселесі таяу уақытта тұрған жоқ дер едім. Бұл болашақтың ісі", - деді баспасөз мәслихатын кезінде Дмитрий Панкин.

"Еуропалық интеграцияның тәжірибесі нені дәлелдейді? 30 жылға созылған интеграциялық процесстер еуроның шығуына әкеп соқты. Тіпті салық-бюджет саясатты мақұлдамай, өзге де экономикалық позицияны мақұлдамай, (...) айтарлықтай күрделі мәселелерге соқтырады және әрмен қарайғы еуроинтеграциялық қозғалысты тежейді. Яғни валюта - бұл толық валюталық саясаттың, бюджет саясаты координациясының нәтижесі, оны барлығы ұстануы керек, жекелей бюджеттік ынталандыру нормаларын жүргізбеу керек. Барлығы экономикалық саясаттың ортақ ұстанымдарын сақтау керек. Қырғызстанда мың доллар халықтың жан басына шаққандағы табысы, ал Қазақстанда - 13 мың доллар, Ресейде - 14 мың доллар кезінде мұны қалай жасауға болады. Елдердің табыс деңгейі әртүрлі, экономика құрылымы әртүрлі және бір жұлқумен бірыңғай валютаға көшу - сұмдық қателік болар еді, оның салдары жақсы болмайды", - деді Еуразиялық даму банкінің басшысы.

Айта кетейік, Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанның ЕАЭО аясында бірыңғай валютаның енгізі мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеген болатын. "Қазір ақпарат кеңістігіндегі ең маңызды тақырыптардың бірі - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен қаржылық-валюталық ынтымақтастық құруы. Айта кету керек, Қазақстан ЕАЭО аясындағы ұлттық бірыңғай валюта енгізуде анық және жүйелі орын алады. Біз бұл сұрақты талқыламаймыз. ЕАЭО келісім-шартында бірыңғай ұлттық валюта енгізу қарастырылмаған және ондай жұмыс істелмейді", - деді Жақсылықов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети