ЕДБ Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕДБ Қазақстан экономикасына 3,8 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкінің атқарған жұмыстарының нәтижелері мен орта мерзімдегі жоспарлары туралы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық болжамдары жөнінде мәлімет берілді. Банк сарапшылары Қазақстандағы экономикалық өсімнің оң қарқыны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен салыстырғанда ең жоғары деңгейде болады деп болжап отыр, деп жазды Ақорда сайты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің 2022-2026 жылдарға арналған Стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, Николай Подгузов Президентке Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа де елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды мегажобалар туралы айтты.  

Банк "Солтүстік - Оңтүстік", "Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәліздерін ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға, бірыңғай тауар өткізу желілерін құруға және Орталық Азия су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға көмектесуге ниетті. Еуразиялық даму банкі аталған жобаларға 1,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр. Жалпы, банк 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кем дегенде 3,8 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті.  

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің интеграциялық үдерістерді дамытудағы белсенді рөлін атап өтіп, Қазақстанға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа да елдерге қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети