05 ақпан 2014 | 13:36

ЕЭО болашақта саяси ұйымға да айналуы әбден мүмкін - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото inform.kz сайтынан Фото inform.kz сайтынан

Бүгін Ақордада дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездескен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың болашағына бағдар жасап, халықаралық сарапшыларға одақты құру жұмысының мән-мағынасын жете түсініп алуға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президенттің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер әлем үшін өз есігін тарс жауып алуды ойлап отырған жоқ. "Осы орайда біз Ресей президентінің болашақта Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақ арасындағы еркін сауда-саттық аймағын құру бастамасын қолдаймыз", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Ал кейбір сарапшылардың "Еуразиялық экономикалық одақ саяси құрылым болып жасақталып жатыр" деген болжамына Мемлекет басшысы: "Меніңше, алдымен одақты құру жұмысының мән-мағынасын жете түсініп алған жөн. Бұл саяси ұйым емес. Дегенмен, бәрі болуы мүмкін. Қазір Еуропа да оны (Еуропалық одақтың саяси күшін арттыруды - авт.) қолға алып жатыр. Бәлкім, оның барлығы болашақта болады. Әзірше, бұл - таза экономикалық ынтымақтастық. Ол бізге және біздің көршілерімізге керек. Дүниежүзі сауда ұйымына кірердің алдында біз өз ішімізде шынығып алуымыз қажет", - деді Президент. Н.Назарбаев атап көрсеткендей, биыл оның Еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын ұсынғанына 20 жыл толып отыр. "Дәл осы жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы келісімге қол қойылуы бізді қуантады. Қазір бірқатар мемлекеттер осы үдеріске қосылуға ниет білдірді. Еуразиядық экономикалық одақ - бұл біздің ортақ нарығымыз. Ол тең дәрежеде және өзара пайда үшін жұмыс істейтін 21 ғасырдың жаңа бірлестігі болмақ. Біздің есептеулерімізге сәйкес, 2030 жылға дейін аталған интеграция оған қатысушы үш елдің жалпы ішкі өнімін 25 пайызға өсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ 600 млрд.-тан астам доллар", - дейді Президент.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети