Ефрейторды "крыса" деп атаған шекарашы соққы көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ефрейторды "крыса" деп атаған шекарашы соққы көрді © smi44.ru

Шығыс Қазақстан облысында әскери жарғыны қатаң бұзған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында әскери жарғыны қатаң бұзған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР ҰҚК ШҚ 2535 әскери бөлімінің ефрейторы болмашы себеппен: жәбірленуші "крыса" деп айтқаны үшін әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас жарғысын қатаң бұзып, жәбірленушінің бетіне үш рет жұдырық жұмсаған. Осылайша ол шекарашыға орта деңгейдегі жарақат салған", - делінген хабарламада. 

Сотта сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісі үшін өкініш білдірді. 

"Өскмен гарнизоны әскери сотының үкімімен ол ҚР 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп табылып, бір жыл бас бостандығынан айырылды. ҚР Қылмытық кодексінің 63-бабына сәйкес оның жазасы шартты түрде болады. Оған бір жыл сынақ мерзімі бекітілді", - деді сот баспасөз қызметіндегілер. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети