24 қараша 2015 | 13:58

Егер студент қызбен кездесуге барғысы келсе, өз қалтасынан шығындалсын - Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде Ақтөбе облысының әкімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұл туралы орталық коммуникациялық қызметінде Ақтөбе облысының әкімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент айтқандай, оның берген тапсырмасы - қайсыбір әлеуметтік көмек атаулы болуы керек. Әлеуметтік атаулы көмекті мұқтаж азаматтар алуы тиіс. Ал бізде ше? Жеңілдікті барлығы алды. Мысалы, 90 жастағы зейнеткер ешқашан қоғамдық көлікпен жүрмейді, студенттің жатақханасы мен оқу корпусы бір жерде орналасқан. Ол қайда барады? Егер ол қызбен кездесуге барғысы келсе, өз қалтасынан шығындалсын", - деді баспасөз мәслихатында Сапарбаев. 

Ол облыста әлеуметтік көмектің алып тасталмағанын түсіндірді. "Біз әлеуметтік көмекті жойған жоқпыз, әйтсе де, кейбір басылымдар "Ақтөбе облысында әлеуметтік жол жүруді алып тастады" деп жазды, біз ештеңені де алып тастаған жоқпыз, сақтап қалдық. Бірақ біз оны мұқтаж адамдарға, халықтың аз қамтылғандар бөлігіне, зейнеткерлерге, ардагерлерге, студенттерге береміз", - деді облыс әкімі.

"Адамдардың қоғамдық көлікті қанша рет пайдаланғанына қатысты есеп жүргізілді, сонда шамамен мың теңге шықты. Оларға әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру органдары арқылы ай сайын жәрдемақылар беріліп отырады", - деп қорытындылады өз сөзін Сапарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети