Египеттегі террористік қауіп туралы қазақстандықтарға ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Египеттегі террористік қауіп туралы қазақстандықтарға ескертілді Фото www.3103666.ru сайтынан алынды

Египеттегі террористік қауіп туралы Қазақстан туристеріне ескертілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне сілтеме жасап. "Қазақстандық туроператорларға Египеттің Қызыл теңізі (Хургада және оның айналасы, Марс, Аллам) жағалауы мен Шарм-эль-Шейха және Дахаба аудандары континенттік бөлігіне қызмет атқаруда назар аударуларына жүйелі кеңес берілді. Ол мемлекеттің ахуалы қалпына келмейінше қазақстандық туристер түбектің Табу және Сант-Катрин сияқты аудандарына баруын тоқтата тұрулары қажет",- делінген хабарламада. Мамандар қазақстандық туристердің Египет аумағына, онымен қоса, Каир, Александрия, Асуан және Луксор қалаларына сапарға шықпауын ұсынды. "Египетте демалыста жүрген туристерге лицензиялары жоқ және қазақстандық турфирмалардың әріптесі болып табылмайтын египеттік агенттіктердің қызметтерін қолдану, оның ішінде басқа елдерге бару өте қауіпті екендігін тағыда еске саламыз", - дейді аталмыш комитеттің баспасөз қызметі. Синай түбегіндегі террористік қауіптің жоғарылығын және Египет билігінің қылмыстық істер мен радикалдық топтардың іс-әрекеттерін басу бойынша арнайы операцияларының жалғасып жатқандығын ескере отырып, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті осындай кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети