eGov қосымшасында зейнетақы және қандас куәлігі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

eGov қосымшасында зейнетақы және қандас куәлігі пайда болды © elements.envato.com

Қазақстанда eGovMobile қосымшасында цифрлық құжаттар саны көбейді. Енді қосымша арқылы зейнетақы және қандас куәлігі қолжетімді болады. Бұл туралы Еңбек және Цифрлық даму министрліктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда eGovMobile қосымшасында цифрлық құжаттар саны көбейді. Енді қосымша арқылы зейнетақы және қандас куәлігі қолжетімді болады. Бұл туралы Еңбек және Цифрлық даму министрліктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді зейнеткерлер мен қандастар өзімен бірге куәлік алып жүрмейді. Қажет болған жағдайда оны eGovMobile қосымшасы арқылы ашуға немесе мессенджер арқылы бөлісуге болады. 

Одан бөлек, цифрлық құжаттарды QR-код арқылы ашуға болады. 

"Сонымен қатар, жыл соңына дейін әлеуметтік ID жасау жоспарда бар, бұл азаматтың әлеуметтік статусын көрсететін жалғыз цифрлық құжат болмақ. Алдағы таңда жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардың құжаты цифрландырылады. Уақыт өте келе қағаз құжаттардан бас тартуымыз мүмкін", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов. 

Бүгінде eGov қосымшасында төлқұжат, неке тіркеу куәлігі, диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет қолжетімді. 

Еске салайық, 3 қыркүйекте Қазақстанда "оралман" сөзінің орнына ресми түрде "қандас" сөзі бекітілген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети