Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпаратты растайтын жаңа цифрлық құжат пайда болды. Енді әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық белгілеу туралы ақпаратты eGov Mobile қосымшасы арқылы "Цифрлық құжаттар" бөлімінде алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барлық тіркелген қорғаншылар мен қамқоршыларды, сондай-ақ олардың қамқорлығындағы азаматтарды есепке алатын ақпараттық жүйесінің деректері негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.
Ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
- ЖСН,
- қорғаншы мен қамқоршылыққа алынушының Т.А.Ә.,
- туған күні,
- жергілікті атқарушы органның бұйрығының нөмірі мен күні,
- "Күні жарамды" өрісінің болуы.
Құжатты қызметтерді алу, әртүрлі ұйымдарға хабарласу және т.б. кезінде көрсетуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!