Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа цифрлық платформасын енгізу жоспарланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға барынша бір пост арқылы түсініктеме беріп, ақпарат тапшылығына және бұрын айтылған ақпараттың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты пайда болған көзқарастардың басын ашқым келеді.
"Біріншіден, Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді! "Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады" деген түсінік қисынсыз.
Неліктен? Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері шетелдік құрылымдарда жұмыс істейтін көптеген мекемелер бар, десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес.
Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, "eGov.kz" не екенін қысқаша түсіндірейін", - деп жазды Бағдат Мусин.
eGov - бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған "витрина" ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін, деп жазды министр.
"Ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз - әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы мен ескірген құжаттамасыз жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту. Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді.
Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың "құрақталған" моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді", - деді ол.
Оның айтуынша, IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен азаматтардың мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады.
"Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұның алдында Бағдат Мусин жаңа цифрлық платформаны енгізу үшін негересейлік "Сбер" компаниялар тобы таңдалғанын түсіндірген еді.
3 қыркүйекте Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасының цифрлық трансформациясы, цифрландырудың платформалық моделіне және Data Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстанда Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін "Сбер" компаниялар тобы әзірлеген жаңа цифрлық платформа енгізіледі деп жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!