ЕGov-та жаңа функция пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov-та жаңа функция пайда болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Жақын арада eGov қосымшасында жаңа функция пайда болады, оның көмегімен қазақстандықтар өздерінің жеке деректері таралып кеткен-кетпегенін тексере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақын арада eGov қосымшасында жаңа функция пайда болады, оның көмегімен қазақстандықтар өздерінің жеке деректері таралып кеткен-кетпегенін тексере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Web-Totem ЖШС директоры Руслан Тургельдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесімен біріктірілген.

"Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кірген кезде жүйе сіздің ЖСН, аты-жөніңіз және электрон поштаны қоса алғанда, мобильді азаматтар базасынан алынған деректерді пайдаланады. Дәл осы мәліметтер бойынша ақпараттың тарап кету ықтималдығын іздеу жүргізіледі. Табылған жағдайда 1414-тен, сондай-ақ eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлама келеді", - деді Тургельдинов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа функцияны тестілеудің соңғы кезеңдері аяқталуға жақын. Алдағы күндері бұл функция қосымшада пайда болады және әрбір азамат өзінің жеке деректері таралып кетпеді ме, тексере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети