EGov-та жаңа функция пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EGov-та жаңа функция пайда болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта қабылдану үшін онлайн түрде өтінім бере алады.

"Қызмет тегін ұсынылады және кем дегенде бір семестр оқуын аяқтаған азаматтар үшін қолжетімді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін мұндай қалпына келу рәсімі қолжетімсіз болған және оқу орнына барып, өтінішті жеке тапсыруды талап еткен.

Сондай-ақ жеке куәлік, транскрипт, қызмет орнының мінездемесі, фотосуреттер, әскери билет көшірмесі және басқа да құжаттардан тұратын құжаттар пакетін жинау қажет болған.

"Өтінімді оқудан шығарылған күннен бастап бір жылдың ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдану мүмкін емес", – делінген хабарламада.

Әскери оқу орнына қайта қабылдану үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  • eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" – "Әскери есеп және қауіпсіздік" – "Әскери қызмет" бөліміне өтіңіз;
  • "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
  • оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз;
  • тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетіп, қажетті құжаттарды тіркеңіз;
  • өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз;
  • кейін "Көрсетілген қызметтер тарихы" бөлімінен нәтижені жеке кабинетіңізден тексере аласыз.

Берілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети