Кеше | 12:55

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялардың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ЕGov.kz порталында жаңа қызмет пайда болды. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялардың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

eGov.kz порталында қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтамаларды сұратуға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл қызмет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылары туралы ақпаратты алу процесін жеңілдетеді.

"Қызмет пайдаланушыларға мемлекеттік органдар мен уәкілетті тұлғалар үшін қамқоршы мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді. Анықтаманы алу үшін сұрау жіберу жеткілікті және оны міндетті түрде қамқоршы растауы керек. Барлық деректер автоматты түрде мемлекеттік дерекқорлардан жүктеледі, бұл процестің жылдамдығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп "Азаматтарға" - "Көлік және коммуникациялар" - "Коммуникациялар" бөліміне өту қажет;
  • "Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі" бөлімін таңдап, "Онлайн сұрау" батырмасын басу керек;
  • ЖСН-ді енгізіп, "Қамқоршылық және қорғаншылық туралы анықтама беру" қызметін таңдау қажет;
  • қажетті өрістерді толтырып, аймақты таңдап, "Сұрау салу" батырмасын басу керек.

"Осыдан кейін қамқоршыға сұранысты растау үшін 1414 нөмірінен SMS хабарлама келеді. Сонымен қатар, сұраныс туралы хабарлама пайдаланушының eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі. Қауіпсіздік пен дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін процесс хабарлама алынған сәттен бастап, екі сағат өткен соң аяқталады.

Қамқоршы сұранысты растаса, анықтама өтініш берушінің жеке кабинетінде "Қызметтер алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Егер қамқоршы сұраныстан бас тартатын болса, мәртебе бетінде оның себебі көрсетіліп, жеке кабинеттің "Кіріс" бөлімінде тиісті хабарлама пайда болады".

Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Қазақстанда күн жылынады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer