ЕGov-та маңызды функция пайда болды: министр егжей-тегжейін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov-та маңызды функция пайда болды: министр егжей-тегжейін айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ЕGov порталында бір ЖСН-ге тіркелген мобильді нөмірлер санын тексеруге арналған жаңа функция пайда болды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернет-алаяқтармен күрес туралы айта келе, Мәдиев eGov-та мобильді нөмірлердің заңсыз тіркелуіне қарсы күресуге көмектесетін жаңа функция енгізілгенін хабарлады.

"ЕGov-та белгілі бір ЖСН-ге тіркелген SIM-карталар санын тексеру функциясын іске қостық. Қазір eGov-қа кіріп, өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізу арқылы қанша мобильді нөмір тіркелгенін оңай тексере аласыз. Егер көрсетілген сандар сіздің шын мәнінде пайдаланатын нөмірлеріңізге сәйкес келмесе, дереу мобильді операторға жүгініп, бұл жағдайды анықтай аласыз", – деді Мәдиев Мәжіліс кулуарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети